Indesit DIFP 18T1 CA EU Mode d'emploi Page 63

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 68
  • Table des matières
  • DEPANNAGE
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 62
KZ
63
Жуғыш зат пен ыдыс жуу
машинасын қолдану
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады. Белгіленген
мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін арттырмайды және
қоршаған ортаны көбірек ластауға әкеледі.
Заттардың ластану дәрежесіне байланысты, ұнтақ немесе
сұйық жуғыш заттардың мөлшерін реттеп отыруға болады.
Орташа ластанған заттар үшін шамамен 35 г (ұнтақ жуғыш зат)
немесе 35 мл (сұйық жуғыш зат) қолданыңыз. Таблеткалар
қолданылса, біреуі жеткілікті.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу машинасына
салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш заттың мөлшерін
азайтыңыз.
Жуу нәтижесі жақсы болуы үшін жуғыш зат қорабындағы
нұсқауларды да орындаңыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жуғыш зат өндірушісінің
тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Жуғыш зат тартпасын ашу үшін «А» ашу құралын
пайдаланыңыз.
Жуғыш затты тек «В» құрғақ тартпаға салыңыз. Алдын ала
жууға арналған жуғыш затты тікелей құрылғының ішіне
салыңыз.
1. Жуғыш зат мөлшерін өлшеген кезде, дұрыс мөлшерін қосу үшін
Жуу циклдарының кестесін қараңыз. В бөлігінде әрбір циклда
қосуға болатын сұйық немесе ұнтақ жуғыш мөлшерін ең көп
мөлшерін көрсететін белгі бар.
2. Тартпаның шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып,
қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
3. Жабу құралы орнына бекітілгенше жуғыш зат тартпасының
қақпағын жоғары көтеріп жабыңыз.
Жуғыш зат тартпасы жуу циклына сәйкес тиісті уақытта автоматты
түрде ашылады.
Әмбебап жуғыш заттар қолданылса, TABS опциясын пайдаланған
жөн, себебі ол циклды әрдайым ең жақсы жуу және кептіру
нәтижелеріне қол жеткізетіндей реттейді.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда
құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін.
Ең жоғары жуу және кептіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін,
жуғыш затты, шаюға көмекші сұйықтықты және тазаланған
тұзды бірге қолдану қажет.
Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш
заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер
қоршаған ортаға зиянды.
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: ҚОСУ/ӨШІРУ
индикатор шамдары, опциялары және дисплей жанады.
3. Жуғыш затты өлшеңіз.
(қасындағы ақпаратты қараңыз).
4. Тартпаларды жүктеңіз
(«Тартпаларды жүктеу» бөлімін
қараңыз)
.
5. Ыдыс-аяқ түрі мен оның ластану дәрежесіне сәйкес жуу
циклын таңдау үшін
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
P
түймесін басыңыз.
6. Жуу опцияларын таңдаңыз*.
(«Арнайы жуу циклдары мен
опциялары» бөлімін қараңыз)
.
7. Есікті жабу арқылы жуу циклын бастаңыз.
8. Жуу циклының аяқталғанын сигналдар мен дисплейде
жуу циклы нөмірінің жыпылықтауы білдіреді. Есікті ашып,
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз, одан
кейін шүмекті жабыңыз да, құрылғының айырын розеткадан
ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен бастап
босатыңыз.
- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы белгілі
бір ұзақ белсенсіздік кездерінде автоматты түрде
өшеді.
АВТО ЖУУ ЦИКЛДАРЫ*:ыдыс жуу машинасының кейбір
үлгілері ластану дәрежесін өлшеп, ең тиімді әрі үнемді жуу
циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін арнайы
датчикпен жабдықталған.
Датчиктің жұмысына байланысты Авто жуу циклдарының
ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш заттың
мөлшерін азайтыңыз.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл жаңа
ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін: шыққан
буға тимеуге тырысып есікті ашыңыз да, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басып ұстап тұру арқылы құрылғыны өшіріңіз. Құрылғыны
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен қайтадан қосып, жаңа бір
жуу циклын және кез келген қажетті опцияларды таңдаңыз;
есікті жабу арқылы циклды бастаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Құрылғыны өшірмей-ақ, шыққан буға тимеуге тырысып
есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу машинасының
ішіне қойыңыз. Есікті жабыңыз, сонда цикл тоқтаған жерінен
бастайды.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Vue de la page 62
1 2 ... 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire